Наурыз мейрамы — жер бетiндегi ең көне мерекелердiң бiрi. Оны бес мың жылдан астам уақыт бойы көптеген халықтар, соның iшiнде бiздiң республикамызда да көктем мен табиғаттың жаңару мерекесi ретiнде атап өтуде. Наурыз — жаңа күннiң бастауы. Табиғаттың жаңарып, тiршiлiктiң жанданып, ниеттiң тазарып, жақсылықтың, iзгiлiктiң оянатын шағы.

Қазақстан Республикасының Президентi Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсiздiк бәрiнен қымбат» мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын әзiрлеп, көктем мерекесiнiң мазмұнын байытуды атап өткен. Наурыз мейрамының негiзгi мақсаты — Қазақстан жерiнде бейбiтшiлiк пен достықты нығайту, ұлттық бiрегейлiктi сақтау, отбасылық құндылықтарды дәрiптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Облыстың техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында өткiзiлiп жатыр. Наурызды тойлаудың онкүндiгi белгiлi бiр тақырыпқа арналады, ол маңызды мәнге ие.

Наурыз мейрамын мерекелеу аясында колледждерде мерекелiк атмосфера құрылды — жұмыс күнi қазақтың ұлттық аспаптарының әуенiмен басталды, дастархан ретiнде ұлттық тағамдар ұсынылды. Мерекелiк онкүндiкте ұрпақтар мен дәстүрлердiң сабақтастығының символы ретiнде ұлттық киiмдер киiлдi. Аз қамтылған және мұқтаж жандарға көмек ретiнде қайырымдылық акциялары өттi. Зияткерлiк сайыстар, салт-дәстүрлер бойынша олимпиадалар өткiзiлдi.

НАШИ  КОНТАКТЫ

150821, Республика Казахстан
СКО, район Магжана Жумабаева
село Успенка, улица Старолесная, 1А

+7 (71531) 2-51-45

yspenkash@yandex.kz

РАСПИСАНИЕ  ЗВОНКОВ

1 УРОК 8:00 - 8:45 14:00 - 14:45
2 УРОК 8:55 - 9:40 14:55 - 15:40
3 УРОК 10:00 - 10:45 16:00 - 16:45
4 УРОК 11:05 - 11:50 16:55 - 17:40
5 УРОК 11:05 - 11:50 16:55 - 17:40