Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжiнде «Графикалық дизайн», «Web-дизайн», «Желiлiк және жүйелiк әкiмшiлендiру» IT құзыреттiлiктерi бойынша Worldskills 2021 аймақтық кәсiби шеберлiк чемпионаты өттi.

Чемпионаттың мақсаты — әр мемлекетте және жалпы барлық дүниежүзi мемлекеттерi арасында кәсiптiк шеберлiк байқауларын ұйымдастыру және өткiзу арқылы әлемнiң үздiк тәжiрибесi мен кәсiптiк стандарттарын үйлестiру бағытында кәсiптiк бiлiмдi дамыту және жұмысшы мамандықтарының дәрежесiн арттыру болып табылады.

Чемпионатқа М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжiнiң, СКУ колледжiнiң, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжiнiң, Гуманитарлық-техникалық колледжiнiң және Б.Әшiмов атындағы Петропавл темiржол көлiгi колледжiнiң студенттерi қатысты. «Желiлiк және жүйелiк әкiмшiлендiру» құзыреттiлiгi бойынша 4 студент, «Web-дизайн» құзыреттiлiгi бойынша — 8 қатысушы және «Графикалық дизайн» құзыреттiлiгi бойынша 9 қатысушы сынға түстi.

Конкурстық тапсырмаларды әлеуметтiк әрiптестер, тәуелсiз сарапшылар және ұсынылған құзыреттiлiктер бойынша сарапшылар бағалады. «Желiлiк және жүйлелiк әкiмшiлендiру» құзыреттiлiгi бойынша — 1 орын Жеңiс Әлихан (М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж), 2 орын Чупчиков Игорь (М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж), 3  орын Нұркеев Айдос (СКУ колледжi).

«Web-дизайн» құзыреттiлiгi бойынша — 1 орын Белоконь Андрей (М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж), 2 орын Вегель Егор (Б.Әшiмов атындағы Петропавл темiр жол көлiгi колледжi), 3 орын Абрахимов Рамиль (Б.Әшiмов атындағы Петропавл темiр жол көлiгi колледжi).

«Графикалық дизайн» құзыреттiлiгi бойынша — 1 орын Котов Павел (СКУ колледжi), 2 орын Филимонова Анна (Б.Әшiмов атындағы Петропавл темiр жол көлiгi колледжi), 3 орын Брянцев Вячеслав (М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж).

НАШИ  КОНТАКТЫ

150821, Республика Казахстан
СКО, район Магжана Жумабаева
село Успенка, улица Старолесная, 1А

+7 (71531) 2-51-45

yspenkash@yandex.kz

РАСПИСАНИЕ  ЗВОНКОВ

1 УРОК 8:00 - 8:45 14:00 - 14:45
2 УРОК 8:55 - 9:40 14:55 - 15:40
3 УРОК 10:00 - 10:45 16:00 - 16:45
4 УРОК 11:05 - 11:50 16:55 - 17:40
5 УРОК 11:05 - 11:50 16:55 - 17:40