1. Жалпы ережелер

 

1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Успенка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай мәтін бойынша – Мекеме) мекеменің ұйымдастыру-құқықтық түріндегі білім беру қызметін іске асыру үшін құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2.Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

3. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы және меншік иесі болып табылады. Заңды мекенжайы: 150011, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58 ғимарат.

4.Мемлекеттік мекеменің тиісті саланың Уәкілетті органы және мүлік бойынша субъектінің функциясын іске асыру органы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады. Заңды мекен-жайы: 150800, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Булаев қаласы, Мира көшесі, 8. БСН 050140007643.

5.Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің толық атауы:

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Успенка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

6.Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасуы: 150821, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Успенка ауылы, Старолесная көшесі, 1А.

7.Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің филиалы мен өкілдігі жоқ.

 

2. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңды мәртебесі

 

8.Коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқығына ие болады.

9. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі таңбалы мөрі, мемлекеттік тілде өз атауымен бланктер мен штампы бар.

10.Коммуналдық мемлекеттік мекемесі басқа заңды тұлға ретінде ұйымдастырушы (қатысушы) және құрылтайшы бола алмайды.

11. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің білім беру қызметін жүргізу әрекетінің құқығы оған берілген сәйкес мемлекеттік лицензия негізінде басталады.

 

3. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні мен мақсаттары

 

12. Мекеме қызметінің мәні мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және өзге де оқыту бағыттары бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыру болып табылады.

13. Мекеме қызметінің мақсаты – әрбір білім деңгейі бойынша базистік ғылым негіздері жүйесін меңгеру негізінде тұлғаның құзыреттілігін, жан-жақты дамуын және кәсіби бағдарлануын қалыптастыру.

14. Көрсетілген мақсатты жүзеге асыру үшін Мекеме мынадай міндеттерді іске асырады:

1) құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру арқылы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайлар жасау;

2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген базистік ғылыми негіздерін алуын қамтамасыз ету;

3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкiндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;

4) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге,  Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;

5) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

6) отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу;

7) білім алушылардың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдерінің мүдделерін ескере отырып және Уәкілетті органнның келісімі бойынша даму мүмкіндігі шектеулі балалардың, олардың танымдық мүмкіндіктері мен қабілеттіліктеріне сәйкес кіріктірілген (инклюзивті) білім алуына құқықтарын іске асыру үшін жағдайлар жасау.

15. Мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту, дамыту және тәрбиелеу;

2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қабілеттерін анықтау және дамыту;

3) ата-аналар (заңды өкілдер) үшін педагогика, жалпы және жас ерекшелік психологиясы, отбасы және білім беру сұрақтары бойынша кеңестер ұйымдастыру;

4) балалардың бос уақытын ұйымдастыру, мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу;

5) ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру және өткізу;

6) олимпиадаларға, ғылыми жобалар бойынша жарыстарға, конференцияларға қатысу;

7) денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балалар үшін жалпыға бірдей міндетті орта білімді жүзеге асыру мақсатында үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емі және медициналық оңалту көрсетілетін ұйымдарда тегін жеке оқытуды ұйымдастырады.

16. Мекеме бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес мемлекеттік қызметтер ұсынады.

17. Мекеменің Жарғыда бекітілген қызмет мәні мен мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға тыйым салынады.

18. Мекеменің қызмет мақсаттарына қайшы жасалған, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не директордың жарғылық құзыретін бұза отырып жасалған мәміле тиісті саласындағыУәкілетті органның немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

19. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі міндетті түрде мектепке дейінгі дайындыққа бес жасынан бастап мектепке дейінгі дайындық сыныбына қабылдауын жүзеге асырады

20. Мекеменің лицензиялауға жататын қызмет түрлері тиісті лицензия алғаннан кейін жүзеге асырылады.

 

4. Мекемені басқару

 

21.Мекемені жалпы басқаруы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалғантиісті саланың Уәкілетті органыжүзеге асырады.

22. Құрылтайшы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Мекемеге мүлікті бекітеді;

2) Мекеменің жарғысын, оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

23.Тиісті саланың Уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

2) Мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

3)Мекеме директорының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

4) Мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

5) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;

6) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Мекемеге берілген немесе оның жеке шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

24. Орта білім берудің жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын Мекеменің директоры конкурстық негізде, тиісті саланың Уәкілетті органымен айқындалған тәртіппен қызметке тағайындалады.

25. Мекеме директоры Мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың Уәкілетті органынатікелей бағынады және Мекемеге жүктелген міндеттерді орындау мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

26. Мекеме директоры дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

27. Мекеме директоры Мекеменің жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және де тәртіптік пен материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеледі.

28. Мекеменің қызметін жүзеге асыруы барысында Мекеменің директоры Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

2) Мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

3) Мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;

4) өз орынбасарының (орынбасарларының) және Мекеменің өзге де қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;

5) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Жарғымен және тиісті саланыңУәкілетті органыменжүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады

 

5. Алқалы органдар, оларды құру тәртібі және құзыреті

 

29. Мекемеде алқалы басқару органдары құрылады.

30.Алқалы басқару нысандары болып педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, қамқоршылық кеңесі, жалпы жиналыс және басқалар болуы мүмкін.

31.Алқалы басқару органдарын құру (сайлау) тәртібі және құзыреті Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

32.Қоғамдық бақылау, қайырымдылық көмекті бөлу, коммуналдық мемлекеттік мекеме жанындағы білім беру ұйымының қызметі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу мақсатында Қамқоршылық кеңесі өз қызметін жүзеге асырады. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

 

6. Мекемедегі жұмыс тәртібі

 

33.Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

7. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінде іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларының тізбесі

 

34.Мекемедегі білім беру процесі үлгілік оқу жоспары негізінде дайындалатын оқу жұмыс жоспары аясында жүзеге асырылады және Уәкілетті органмен келісіліп, Мекеменің өз бетінше бекітіледі.

35.Мекемедегі оқыту мен тәрбие беру тілі мемлекеттік, орыс тілі болып табылады.

36.Білім беру мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде әзірленетін жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларымен айқындалады және Мекемемен үздіксіздік және сабақтастық қағидатын ескере отырып, мынадай білім беру деңгейлерінде іске асырылады:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

2) бастауыш білім беру – (1-4 сыныптар);

3) негізгі орта білім беру – (5-9 сыныптар);

4) жалпы орта білім беру – (10-11 сыныптар).

37. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру тұтастығы қағидатын ескере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді және әр баланың талабын, бейімділігін, қабілеттілігін, дарындылығын іске асыруға және даму ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, дара әдіс негізінде оны бастауыш білімнің жалпы білім беретін бағдарламасын меңгеруге даярлауға бағдарланады.

38. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, коммуникативтік қатынас тәжірибесінің, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі танытудың, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.

39. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың базистік ғылым негіздері жүйесін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі айқындауына және кәсіптік бағдарлануына бағытталған.

40. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бейіндік оқытуды енгізе отырып, білім беру мазмұнын саралау, интеграциялау және кәсіптік бағдарлау негізінде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша әзірленеді.

41. Мекемедегі тәрбие бағдарламалары білім беру процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің патриотизмін, азаматтығын, интернационализмін, жоғары моралі мен адамгершілігін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қасиеттерін дамытуға бағытталған.

42. Мекемеде нәсілдік, этникалық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен өзгешелікті насихаттауға, милитаристік және де халықаралық құқық пен ізгіліктің жалпыға танылған принциптеріне қайшы келетін өзге де идеяларды таратуға тыйым салынады.

43. Мекемеде және тиісті инфрақұрылымда білім мен ғылымды кіріктіру, оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, жаңа оқыту технологияларын әзірлеу және енгізу, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүзеге асырылады.

44. Мекемедегі оқу сабақтарының басталуы мен аяқталуы, оқу сабақтарының ұзақтығы және каникул күндерін бөлу Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалады. Мектепалды және бірінші сыныптарда үшінші тоқсан ортасында Уәкілетті органмен басталуы және аяқталуы айқындалатын қосымша демалыс аптасы енгізіледі.Мекемедегі оқу сабақтарының кестесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы және белсенді тынығуы үшін сабақтар арасында ұзақтығы жеткілікті үзіліс қарастырылады.

45. Мекемеде сабақтың ұзақтығы 40 минуттан аспауы тиіс. Бірінші сыныптарда оқу жүктемесін бірте-бірте арттыра отырып, оқу сабақтарының «сатылы» режимін қолданады. Сабақтарда дене шынықтыру минуттары және көзге арналған жаттығулар өткізіле отырып, қыркүйекте үш сабақ 35 минуттан, қазаннан бастап 40 минуттан жоспарланады. Мекемеде оқу сабақтары сағат сегізден ерте басталмайды.

46. Жеке пәндер, соның ішінде бейінді пәндер бойынша оқу сабақтарын өткізу кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен сыныптарды топтарға бөлу жүргізіледі.

47. Коммуналдық мемлекеттік мекеме екі ауысым бойынша қызмет атқарады. Жұмыс атқару тәртібі мектеп педагогикалық кеңесімен бекітіледі.

48. Жоғары сыныптарында сыныптардың жинақталуын 20 оқушыға дейін азайтуға жол беріледі.

49. Коммуналдық мемлекеттік мекемеде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шағын орталық өз қызметін жүзеге асырады.

50. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім беру саласындағы тиісті саладағы уәкілетті органның келісімі бойынша авторлық бағдарламаларды әзірлейді және оқытудың инновациялық технологияларын енгізеді.

51. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі олардың құрылтай құжаттарымен анықталған оқыту нысандарын, құралдарын және әдістерін өз бетінше таңдай алады.

 

8. Мекеменің білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және (немесе) олардың ата-аналарымен және өзге заңды өкілдерімен қатынастарын рәсімдеу тәртібі, Мекемеге қабылдау тәртібі

 

52.Мекеме оқуға қабылдауды Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

53. Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер, білім алушылардың ата-аналары немесе олардың өзге де заңды өкілдері Мекемедегі білім беру процесінің субъектілері болып табылады.

54. Мектепалды сыныпқа даярлық деңгейіне қарамастан кезекті оқу жылының 1 қыркүйегіне бес (алты) жасқа толған балалар қабылданады.

55. Мектепке дейінгі мекемелерге бармаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар үшін Мекеме оқу жылы басталғанға дейін даярлық курстарын ұйымдастырады

56. Мекеменің бірінші сыныбына қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап 1 тамызына дейін ата-ананың немесе өзге де заңды өкілдердің жазбаша өтініші негізінде, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, денсаулық жағдайы туралы анықтама, 2 дана 3х4 см көлеміндегі фотосуретпен қоса жүзеге асырылады. Білім алушылар қатарына қабылдау Мекеме директорының бұйрығы негізінде жүргізіледі.

57. Балаларды Мекеменің бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді.

58. Білім алушыларды Мекеменің екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына қабылдау Мекеменің қызмет көрсету аумағында тұратын барлық білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, жүзеге асырылады.

59. Білім алушыларды Мекеменің оныншы, он бірінші сыныптарына қабылдау Мекеменің қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, жүзеге асырылады.

60. Мектепке дейінгі шағын орталыққа балаларды қабылдау мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары негізінде жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі шағын орталыққа балаларды қабылдау уәкілетті органның жолдамасы негізінде 2 жастан бастап жүзеге асырылады.

61. Ата-аналар мен мектепке дейінгі шағын орталық арасындағы қарым-қатынас шартпен реттеледі.

62. Мекемеге білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қабылдау кезінде директор ата-аналар және (немесе) олардың заңды өкілдерін Жарғымен және білім беру процесін ұйымдастыруды реттейтін басқа да құжаттармен таныстырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналары және (немесе) олардың заңды өкілдерімен білім беру қызметтерін көрсетуге Үлгі келісімшартқа қол қойылады.

63. Он алты жасқа дейінгі балаларды Мекемеден шығаруға құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны, Мекеме жарғысын өрескел және бірнеше қайтара бұзғаны үшін тиісті саладағы Уәкілетті органның шешімі бойынша айрықша жағдайларда, сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкес оқуға жарамсыз болғандықтан рұқсат етіледі. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен қабылданады.

64. Білім беру мекемесінің оқушылары мен тәрбиеленушілері және ата – аналары немесе заңды өкілдері арасындағы қатынастарын рәсімдеу тәртібі қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

9. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі

 

65. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, соның ішінде жаңартылған орта білім мазмұны бойынша білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау нысандары мен тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы білім саласындағы заңнамасының, мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру стандарты мен Уәкілетті органның өзге де актілерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

66. Мектепалды сыныптарда балаларды дамыту деңгейі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының білімдік салаларының мазмұнын меңгеру барысында қалыптасатын дағдыларға сәйкес айқындалады және баланы дамыту индикаторларына сәйкес өлшенеді. Балалардың даму деңгейін қадағалау баланың жетістіктерінің мониторингі негізінде жүзеге асырылады және мынадай 3 деңгейді топшылайды:

1 – деңгей – бала белгілі бір қимылдар мен білімдерді жаңғыртады;

2 – деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие;

3 – деңгей – бала өзінің білетінін және жасай алатынын қолданады, білімін өз бетінше және шығармашылықпен қолданады.

 

10. Ақылы негізде білім беру және басқа қызметтерді көрсету
тізбесі және тәртібі

 

67. Мекеме мынадай білім беру және басқа қызметтерді көрсету туралы келісімшарт жасаса отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс ақылы негізде:

1)қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктер мен қызығушылықтарды дамыту) іске асыруға;

2) оқу жоспары мен бағдарламалар бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылар және тәрбиеленушілермен қосымша сабақтар ұйымдастыруға;

3)пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылар және тәрбиеленушілермен ғылым негіздерін тереңдетіп оқуды ұйымдастыруға;

4)жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануын қамтамасыз етуге;

5)білім алушалар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу бойынша әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

6)музыка аспаптарын пайдалануға беру және интернет-байланысының қосымша қызметтерін ұсыну; энергия қондырғылары және жылу қазандықтарынан таратылатын жылу энергиясын беру, өндірісті ұйымдастыру және оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжірибелік учаскелердің өнімдерін шығару және өткізуді ұйымдастыруға құқылы.

68. Білім алушыларға және (немесе) тәрбиеленушілерге ақылы негізде білім беру және басқа қызметтер ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің тілегі бойынша жеке кесте бойынша ұсынылады.

69. Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебіндегі мемлекеттік мекемелер тауарлары мен қызмет көрсету тізбесі бекітілген Жіктеуіш негізінде мекеменің іске асырудан түскен ақша мекеме қарамағында қалады.

70. Мекеменің ақылы негізде ұсынылатын білім беру және басқа қызметтеріне бағалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілуге жатады.

 

11.Білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

 

71. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің:

1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

2) мекеменің педагогикалық кеңесінің шешімі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары аясында жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;

3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;

4) өзінің бейімділігі мен қажеттіліктеріне сәйкес ақылы негізде қосымша білім беру қызметтерін, білім алуға;

5) Мекемені басқаруға қатысуға;

6) Мекемеде, соның ішінде мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қолжетімді нысанда ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен, соның ішінде мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап жасалғандарменқамтамасыз етілуге;

7) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптар және кітапхананы тегін пайдалануға;

8) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;

9) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;

10) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.

72. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер:

1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарыкөлемінде білімді, іскерліктер мен практикалық дағдыларды меңгеруге;

2) ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, Мекеменің жарғысында көзделген басқа да талаптарды орындауға;

3) өз денсаулығын ойлауға, рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға;

4) Мекеменің мүлігіне ұқыпты қарауға;

5) Мекемеде белгіленген киім формасын сақтауға;

6) әдеп және эстетика нормаларына жауап беретін мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға;

7) педагог және басқа қызметкерлердің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері оқитын оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.

73. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің міндеттерді бұзғаны үшін оларға ішкі еңбек тәртібі ережелерімен және Жарғымен немесе Үлгі шартында көзделген басқа да тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.

74. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:

1) баланың тілегі, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;

2) қамқоршылық кеңестері арқылы Мекемені басқару органдарының жұмысына қатысуға;

3) мекемеден өз балаларының үлгеріміне, тәртібіне және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;

4) өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша консуль-тациялық көмек алуға;

5) балаларының шарттық негізінде қосымша қызметтер алуына құқығы бар.

75. Ата-аналар мен өзге де заңдыөкілдері:

1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, өнегелі қалыптасуын қамтамасыз етуге;

2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке орналастыру үшін, мектепалды даярлығын қамтамасыз етуге;

3) осы Жарғыда айқындалған қағидаларды орындауға;

4) балалардың Мекемеге сабаққа баруын қамтамасыз етуге;

5) Мекеме қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

6) білім саласындағы уәкілетті органмен белгіленген,балаларға арналған, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға;

7) ата-аналар жиналысына қатысуға міндетті.

76. Педагог қызметкердің:

1) кәсіби қызметіне арналған жағдайлармен қамтамасыз етіле отырып,педагогикалық қызметпен айналысуға;

2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогикалық тәжірибеге жаңа әдістемелер мен технологияларды іске асыруға;

3) жеке педагогикалық қызметке;

4) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда педагогикалық қызметті ұйымдастыру тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;

5) Мекемені басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

6) бес жылда бір реттен кем емес, ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілігін арттыруға;

7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;

8) педагогикалық қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрінде моральдық және материалдық көтермеленуге;

9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;

10) педагогикалық өтілі сақтала отырып, ғылыми қызметпен айналысуға;

11) Мекеме әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағым жасауға;

12) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан өз ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.

77. Педагог қызметкері:

1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;

2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;

3) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жоғары адамгершілік, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету, қоршаған дүниеге ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;

4) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыретін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;

6) бес жылда бір реттен кем емес аттестаттаудан өтуге;

7) педагогтік әдеп қағидаларын сақтауға;

8) білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

9) білім алушылар жасаған, оның ішінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты,Мекемеден тыс жерде болған қылмыстық құқық бұзушылық белгіленгенфактілертуралықорғау органдарына дереу хабарлауға;

10) қиын өмір жағдайына тап болған баланы анықтағаннан бастап бір жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі органдарына хабарлауға міндетті.

78. Мекеме қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.

79. Эксперимент режімінде жұмыс істейтін педагог қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша ақы жүргізіледі.

80. Қызметкердің және Мекеменің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

81. Педагогикалық қызметпен айналысуға арнайы педагогикалық және сәйкесті бейіні бойынша кәсіптік білімі бар тұлғалар жіберіледі.

82. Мекемеде жұмыс істеуге тиым салынады:

1) медициналық қарсы көрсетілімдері бар;

2) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрған тұлғалар;

3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен көзделген шектеулер негізінде жіберілмейді.

83. Міндеттерді бұзғаны және педагог қызметкер атағының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін педагог қызметкері жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

84. Мекеменің педагог қызметкерлері және басқа қызметкерлері оқу-тәрбие процесі және балалардың Мекемеде болған уақыты ішінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығына жеке жауапты.

85. Қызметкер мен Мекеменің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.

 

12. Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар

 

86. Міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат ете отырып жасалады. Ұлдар мен қыздарға арналған шалбардың ұзындығы кең тігіліп, ұзындығы бойынша аяқтың тобығын жабуы тиіс.

87. Мектеп формасына классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар келетін галстук тігіледі.

88. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерімен аксессуарларды қосуға болмайды.

89. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын

фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар және әртүрлі бас киімдер киюге тыйым салынады.

90. Мектеп формасына Мекеменің ерекшелік белгілері (эмблема, жапсырма және т.б.) салынады.

91. Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдай, оқу сабақтарының өткізілу орны және оқу үй-жайындағы температуралық режим ескеріліп, іске асырылады.

92. Мектеп формасына өзгерістер енгізу қоғамдық (қамқоршылық) кеңеспен келісім бойынша қабылданады:

93. Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың Мекемеде белгіленген мектеп формасын киюін қамтамасыз етеді.

 

13. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

94. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыстық коммуналдық меншікке жататын оқшауланған мүлікті жедел басқаруға құқығы бар.

95. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі құрылтайшының берген мүлік есебінен, негізгі қорлардан және айналым қаражаты негізінен құрылатын, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік мекемесі теңгерімінде көрсетілетін басқа да мүліктерден қалыптастырылады, оның бағасы коммуналдық мемлекеттік мекеме балансында көрсетіледі;

96. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен айыруға немесе басқа да тәсілмен билік жүргізуге құқығы жоқ.

97. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңмен белгіленген және шегіне жеткен жағдайда ғана мүлікке билік жүргізуге құқығы болуы мүмкін.

98. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Құрылтайшысы, коммуналдық мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті орган, коммуналдық мемлекеттік мекеме және тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы қарым – қатынас Қазақстан Респуликасының заңнамасына сәйкес айқындалады және реттеледі.

99. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі және оның ұжымы арасындағы қарым – қатынас Қазақстан Респуликасының заңнамасына сәйкес айқындалады және реттеледі.

 

14. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің материалды және қаржыландыру базасы.

 

100. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнама әрекетіне сәйкес есеп жүргізеді және қаржыландыру - шаруашылық қызметінде есеп береді.Заңнамада қаралған жағдайларда құрылтайшы құқық үшін қаржыландыру- шаруашылық қызметінде тәуелсіз емес аудиторлар тексереді.

101. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемесі қаржыландыруы жергілікті бюджет пен республикалық бюджет қаражаты, материалдық ұйым жарналары, кәсіпорын, азаматтар мен демеушілер есебінен жүзеге асады.

102. Коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне еңбекақы (лауазымдылық айлық ақысы) аттестаттау комиссиясының шешімін ескере отырып және еңбекке ақы төлеуге бөлінген бюджеттік қаржы шегінде біліктілік талаптарға сәйкес бірыңғай тарифтік кесте негізінде орнатылады.

103. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі жоғары білім органдарына белгіленген есеп береді.

104. Құрылтайшы коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген мүлікті сақтау мен тиімді пайдалану бақылауын жүзеге асырады.

 

15.Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар

енгізу тәртібі

 

105. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі.

106. Мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

 

 

 

16. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

 

107. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мекеме заң актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша таратылады.

Қайта ұйымдастырылған және таратылған жағдайда мекеменің кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қайта бөледі.

Таратылған мекеменің ақшасы, осы заңды тұлғаның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақша тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

НАШИ  КОНТАКТЫ

150821, Республика Казахстан
СКО, район Магжана Жумабаева
село Успенка, улица Старолесная, 1А

+7 (71531) 2-51-45

yspenkash@yandex.kz

РАСПИСАНИЕ  ЗВОНКОВ

1 УРОК 8:00 - 8:45 14:00 - 14:45
2 УРОК 8:55 - 9:40 14:55 - 15:40
3 УРОК 10:00 - 10:45 16:00 - 16:45
4 УРОК 11:05 - 11:50 16:55 - 17:40
5 УРОК 11:05 - 11:50 16:55 - 17:40