Әрбір бала демалыс күндерін күтеді, күзгі демалыста шытырман оқиғалар, жаңалықтар, тосынсыйлар болуын армандайды. Мектебіміз мұғалімдері оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында тынбай еңбектенеді.
Мектептің жұмыс жоспарына сәйкес күзгі демалыс 5 - 14 қараша аралығында онлайн режимінде «Қазақстан балалары - кузги интерактивті! - - Дети Казахстана – осенний интерактив!» өтүде.
Мектебіміз әлеуметтік педагогі Кнауб Е.Н. және сынып жетекшілері демалысқа шығу алдында оқушыларға күзгі қауіпсіздік ережелері мен үйдегі және қоғамдық орындардағы қауіпсіз мінез-құлықты қалай сақтау керектігі туралы нұсқаулықтар берілді, жолда жүрудің негізгі ережелерін және оларды қатаң сақтау қажеттілігін еске салынды, сонымен бірге карантин кезіндегі санитарлық нормаларымен тағы бір рет танысты, маска режимі және әлеуметтік арақашықтық сақтау маңыздылығы айтылды.
Жоспар құрылды, оған сәйкес біздің оқушылар бос уақыттарын қызықты және пайдалы өткізеді деген үміттеміз.
Демалыс күндерімізді біз «Асар» челленджімен бастадық . Балалар демалыстарын қалай өткізетіндерін, жақындарына қандай көмек көрсететіндері туралы түрлі среттер салып, ойларымен бөлісүде.
Директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Сапарова Г.Я. жоғары сынып оқушыларын болашақта қажет болатын мамандықтарымен таныстырды, мектеп түлектеріне біздің еліміздің жетекші университеттеріне виртуалды экскурсия ұсынды.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Маковецкий А.В. жерлесіміз - ауыр атлетикадан спорт шебері Денис Полубояриновпен онлайн кездесу ұйымдастырды.